Орталық жаңалықтары

«Экоэрудит» облыстық байқауы

Жастардың адамзат пен табиғат арасындағы қарым-қатынасқа деген көзқарасын бейнелейтін азаматтық бағдар қалыптастыру және табиғат байлығын болашақ ұрпақ үшін сақтауға үлес қосу мақсатында 2023 жылдың 5 сәуір күні «Экоэрудит» облыстық байқауы өткізілді.

Облыстық байқауға жалпы білім беру ұйымдарынан 20 білім алушы қатысты. Байқау ережесіне сәйкес қатысушылар «Өлкетану мүйістері» номинациясы бойынша теріні өңдеу әдісі арқылы құстардың, қарақұлақтың, қозының, көгершіннің және қызыл кітапқа енген аң-құстардың тұлыптарының жасалу жолдары және әдіс-тәсілдерімен шебер бөлісті.

«Біз экологияны қолдаймыз» ғылыми жоба номинациясы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптап жинау арқылы «Smart жәшік» жобасын, гидрапоника тәсілімен «Бір тұқым – бір өмір» экологиялық жобасы аясында үй жағдайында аскөк тұқымдардын өсірудің тиімді әдісін анықтап, құнарлы азық ретінде қолдануға болатындығын ұсынды.

Байқауға қатысушылар зертханалық сабақ барысындағы аң-құстардың тұлыптарын жасауға, табиғатты аялауға, табиғи ресурстарды үнемді және ұтымды пайдалануға, экологиялық идеялар мен технологияларды қолдана білуге, пайдаланылған тұрмыстық қатты қалдық заттарына екінші өмір сыйлау дағдыларын дамытуға бағытталған шығармашылық жұмыстарымен бөлісті.

Қазылар алқасы қатысушыларды төмендегідей марапаттарға ұсынды:

1.«Өлкетану мүйістері» номинациясы бойынша:

I орын – Жандос Раш, Бейнеу ауданы, Манашы жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы;

II орын – Мөлдір Құрбанай, Жаңаөзен қаласы, №2 жалпы білім беретін мектебінің 6 сынып оқушысы;

II орын – Ақбота Аманқызы, Маңғыстау ауданы, Н. Жұбаев атындағы  жалпы білім беретін мектебінің 7 сынып оқушысы;

III орын – Айгүл Кеңес, Мұнайлы ауданы, №6 жалпы білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы;

III орын – Дінмұхаммед Рамазанов, Түпқараған ауданы, Ғ. Айдаров атындағы №1 мектеп-лицейінің 7 сынып оқушысы;

2.«Біз экологияны қолдаймыз» номинациясы бойынша:

I орын – Айнұр Тоқсанбаева, Бейнеу ауданы, Күйкен жалпы білім беретін мектебінің  8 сынып оқушысы;

II орын – Малика Рахматолла, Қарақия ауданы, №11 жалпы білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы;

III орын – Сантөре Қобланова, Жаңаөзен қаласы, №8 жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы;

III орын – Жаннұр Чашемова, Мұнайлы ауданы, №10 жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы;

3. «Дейін және кейін» номинациясы бойынша:

I орын – Нурила Жаңбырбайқызы, Мұнайлы ауданы, №9 жалпы білім беретін мектебінің 7 сынып оқушысы;

II орын – Аяжан Тілеубаева, Ақтау қаласы, №13 мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушысы;

II орын – Қожанияз Дауылхан, Қарақия ауданы, Қарақұдық жалпы білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы;

III орын – Ырысжан Джанмухаммедова, Жаңаөзен қаласы, №10 жалпы білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы;

III орын – Жолдас Хизатұлы, Маңғыстау ауданы, Н. Жұбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің 7 сынып оқушысы.

 

title=title=title=title=title=title=


Каспий теңізінің өзекті экологиялық проблемаларын көтеруге, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу мақсатында, 2024 жылдың 15 мамыр күні ...

Өтетін уақыты:  2024 жылдың 17 мамыр күні сағат: 9:30 қашықтықтан өтеді. Өтетін орны: Ақтау қаласы, «Prime» бизнес орталығы. Мақсаты: Қоршаған ...

Өтетін уақыты: 2024 жылдың 15 мамыр күні сағат: 09:30 өтеді.  Өтетін орны: Ақтау қаласы, 3 шағын ауданы 208 ғимарат, «Оқушы ...

Білім беру ұйымдарында экологиялық білім мен тәрбиені дамыту жөніндегі 2023-2029 жылдарға арналған іс-шаралар жобасы аясында, туған өлкенің табиғатын ...

Ағымдағы жылдың 26 сәуір күні  Ақтау қаласы, «Оқушылар сарайы» және «Маңғыстау туризм колледжінің»  базасында балалар мен жастардың азаматтылық пен ...

Өтетін уақыты: 2024 жылдың 3 мамыр күні сағат: 9:30 қашықтықтан өтеді. Өтетін орны: Ақтау қаласы, «Prime» бизнес орталығы. Мақсаты: Туған өлкенің ...

Ағымдағы жылдың  23 сәуір күні Ақтау қаласы, «Оқушылар сарайы» базасында білім алушылар арасындағы «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен ...

Ағымдағы жылдың 17 - 18 сәуір күндері педагогтердің туристік және кәсіптік шеберліктерін шыңдау, туристік - өлкетану бағыты бойынша озық тәжірибе ...

Өтетін уақыты: 17-18 сәуір 2024 жыл, сағат 14:00. Өтетін орны: Маңғыстау ауданы, Шайыр ауылдық саябағы. Мақсаты: Педагогтердің туристік және ...

Мұнайлы ауданы, №12 жалпы білім беретін мектебінде ағымдағы жылдың 28 наурызы күні білім беру ұйымдарының туризм, өлкетану, экология үйірмелерін ...