Орталық жаңалықтары

«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» Ұлттық байқауының облыстық кезеңі

ҚР Үкіметінің 12.10.2022ж. №731 қаулысымен бекітілген «Жасыл Қазақстан» Ұлттық жобасы аясында азаматтардың экологиялық қауіпсіздік  жағдайын жақсарту және экологиялық білімін  қамтамасыз етуге бағытталған ақпараттық жұмысты ұйымдастыру мақсатында, білім басқармасының  10.10.2023ж. №145нқ бұйрығын негізге ала отырып, Маңғыстау туризм колледжінің базасында  2023 жылдың 19 қазан күні «Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» Ұлттық байқауының облыстық кезеңі  өткізілді.

Облыстық білім беру ұйымдарынан ауданқала бойынша 12 жұмыс түсіп, ережеге сәйкес «Табиғатқа жанашыр ұйым», «Үздік экологиялық жоба», «Экологиялық сауат және ақпараттандыру» номинациялары бойынша жұмыстар қаралып, білімдік, танымдық жұмыстарын  қоршаған ортаны қорғау,  экология саласында жүргізілген ғылыми зерттеу және жоба, экологиялық қауымдастықтың өкілдерімен жүргізілген жұмыстарын есептік фото және бейнематериалдары мен презентациялары қаралды.

Қазылар алқасының қорытындысы бойынша «Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» Ұлттық байқаудың республикалық кезеңіне төмендегі білім беру ұйымдары ұсынылды.

«Табиғатқа жанашыр ұйым», номинациясы бойынша - Ақтау қаласы, №13 гимназиясы (Мырзабекова Бахтыгуль Мустахиевна - биология пәні мұғалімі);

«Үздік экологиялық жоба» номинациясы бойынша - Ақтау қаласы,№19 мектеп - гимназиясы (Жалғас Ақсымбат Сапаркелдіқызы  - биология пәні мұғалімі);

«Экологиялық сауат және ақпараттандыру» номинациясы бойынша Мұнайлы  ауданы, №10 жалпы  білім  беретін мектебі (Нурманова Куралай Шаравбаевна - директор ).

 

title=title=title=title=title=