Орталық жаңалықтары

«Экологиялық сауаттылықты дамыту» облыстық семинары

Педагогтардың тәжірбиесі мен кәсіби белсенділігіне ықпал ету арқылы білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, білімі мен сауаттылығын арттыру мақсатында ағымдағы жылдың 23 ақпан күні Ақтау қаласының №30 жалпы білім беретін мектепте «Экологиялық сауаттылықты дамыту» тақырыбында семинар өткізілді. Аталған шараға 30 мұғалім қатысты.

Семинарға «Ewa Organic» ЖШС директоры А. Бралина:  «Экосананы қалыптастыру», «Эко Мангистау» ҮЕҰ директоры К. Осин: «Мектептегі білім беру жүйесінде оқушылардың экологиялық мәдениетін теориядан практикаға факультативтер мен мектеп жобалары негізінде қалыптастыру», Маңғыстау мемлекеттік тарихи – мәдени қорығының бөлім меңгерушісі А. Яриханова: «Маңғыстаудың қасиетті нысандары», «Taza. likeе» ЖШС директоры И. Татиева: «Экологиялық білім беру. Халық. Мектепке дейінгі және мектептегі білім беру жүйесі. Жобалардың нұсқалары және оларды іске асыру жолдары» тақырыптарында баяндамалар оқыды.

Бағдарлама бойынша А. Бралина өзінің баяндамасында экологиялық сауаттылықтың құрылым ретінде қалыптасуының алғышарттарымен таныстырса, К. Осин білім беру ұйымдарында ата-ана мен оқушы арасында қоқысты сұрыптап жинауды бірлесе атқаратын «Экоаула» шарасын, «Экомарка» жәрмеңкесінде қолданыстан шыққан киім-кешектерді, ойыншықтарды, тұрмыстық бұйымдарды бір-бірімен алмасуды және «Кітап айналымы» акциясында кітап оқуды, оны өзге оқырмандармен бөлісуді ұсынды. А. Яриханова Маңғыстаудың қасиетті мекендеріне ұйымдастырылатын экскурсияларда экотуризмді дамытуды, тазалық сақтауды, қоршаған ортаны қорғау қажеттігін жеткізді.

Семинар қорытындысында орталықтың әдіскері Т. Досжанов жылдық жоспарға сәйкес экология бағытында өткізілетін іс-шаралармен таныстырып, педагогтарды аталған шараларға белсене қатысуға шақырды.


  

title=title=title=title=title=title=


Өтетін уақыты:  2024 жылдың 17 мамыр күні сағат: 9:30 қашықтықтан өтеді. Өтетін орны: Ақтау қаласы, «Prime» бизнес орталығы. Мақсаты: Қоршаған ...

Өтетін уақыты: 2024 жылдың 15 мамыр күні сағат: 09:30 өтеді.  Өтетін орны: Ақтау қаласы, 3 шағын ауданы 208 ғимарат, «Оқушы ...

Білім беру ұйымдарында экологиялық білім мен тәрбиені дамыту жөніндегі 2023-2029 жылдарға арналған іс-шаралар жобасы аясында, туған өлкенің табиғатын ...

Ағымдағы жылдың 26 сәуір күні  Ақтау қаласы, «Оқушылар сарайы» және «Маңғыстау туризм колледжінің»  базасында балалар мен жастардың азаматтылық пен ...

Өтетін уақыты: 2024 жылдың 3 мамыр күні сағат: 9:30 қашықтықтан өтеді. Өтетін орны: Ақтау қаласы, «Prime» бизнес орталығы. Мақсаты: Туған өлкенің ...

Ағымдағы жылдың  23 сәуір күні Ақтау қаласы, «Оқушылар сарайы» базасында білім алушылар арасындағы «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен ...

Ағымдағы жылдың 17 - 18 сәуір күндері педагогтердің туристік және кәсіптік шеберліктерін шыңдау, туристік - өлкетану бағыты бойынша озық тәжірибе ...

Өтетін уақыты: 17-18 сәуір 2024 жыл, сағат 14:00. Өтетін орны: Маңғыстау ауданы, Шайыр ауылдық саябағы. Мақсаты: Педагогтердің туристік және ...

Мұнайлы ауданы, №12 жалпы білім беретін мектебінде ағымдағы жылдың 28 наурызы күні білім беру ұйымдарының туризм, өлкетану, экология үйірмелерін ...

Өтетін уақыты: 26 сәуір 2024 жыл, сағат 10:00. Өтетін орны: Ақтау қаласы, Облыстық «Оқушылар сарайы» базасы. Мақсаты: Балалар мен жастарда ...