Орталық жаңалықтары

«Ғажайып табиғат – тылсым дүние» фотосуреттер мен қолөнер көрме байқауы

Білім алушыларға табиғат туралы түсінік бере отырып, оның табиғи құбылыстарының, тылсым күштерінің маңыздылығы мен байланысын шығармашылық тұрғыда көркем бейнелеу, қол өнер шеберлігін дамыту, келешек ұрпаққа насихаттау мақсатында ағымдағы жылдың 15 наурыз күні Маңғыстау Туризм колледжінде «Ғажайып табиғат – тылсым дүние» фотосуреттер мен қолөнер көрме байқауы қашықтықтан өткізілді. Байқауға аудан, қалалардан 13 білім алушы «Туған өлкемнің табиғаты», Экоқұрылыс», «Жасыл әлем» номинациялары бойынша қатысты. 

«Туған өлкемнің табиғаты» номинациясына қатысушылардың жұмыстары байқау талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты жүлделі орындар берілмеді.

Қазылар алқасының шешімімен төмендегі қатысушылар марапатталады:

«Экоқұрылыс» номинациясы бойынша: 

І орын - Түпқараған ауданы, М.Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Каримқызы Көркем;

ІІ орын -  Қарақия ауданы, № 9 бастауыш мектебінің  4-сынып оқушысы Наурызбек Берекет;

«Жасыл әлем» номинациясы бойынша:

І орын -  Қарақия ауданы, № 7 ЖББМ 6-сынып оқушысы Серік Досым;

ІІ орын -  Бейнеу ауданы, Ж.Қалдығараев атындағы ЖББМ 6-сынып оқушысы Ерболатқызы Аяжан.

Байқауда көрсеткен жеке жетістіктері үшін: 

-Ақтау қаласы, № 13 мектеп- гимназиясының 9-сынып оқушысы Ғалымұлы Ибрагимға;

-Маңғыстау ауданы, Б. Жұмалиев атындағы ЖББМ 6-сынып оқушысы Арманқызы Ақеркеге;

-Қарақия ауданы, № 9 бастауыш мектебінің  3-сынып оқушысы Әкімбай Сержанға орталықтың Алғыстары табысталды.


title=title=title=title=


Орталықтың 2023 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Белсенді туристік саяхат түрлерін тиімді ұйымдастыру» тақырыбында ағымдағы жылдың 26 ...

«Туризм», «Өлкетану» және «Экология» үйірмелерінің жетекшілері арасында  өткен «Үздік бағдарлама-2022» байқауына қатысушылардың заманауи ...

Өтетін уақыты: 2023 жылы, 24 қаңтар. Сағат  10.00-де. Өтетін орны: Ақтау қаласы, Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмінің орталығы.  ...

«Туризм энциклопедиясы» республикалық жас туристер байқауын қашықтан өткізу ережелері 1. Жалпы ережелер  ...

Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі орталығының ұйымдастыруымен жалпы білім беру ұйымдарының 8-10 сынып білім алушылары арасында жас ...

2022 жылдың 13 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, да «Тәуелсіз Қазақстан – байтақ елім» тақырыбындағы дөңгелек үстелі ...

Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының 08.12.2022ж.  № 2543 және Маңғыстау облысының білім ...