Орталық жаңалықтары

«Жер сағаты» акциясы өткізілді

Қазақстан Республикасының Оқу - ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы мен «Тұрақты даму» Жер Қоры жастар қоғамдық бірлестігінің «Жер елшілері» бүкілқазақстандық экологиялық қозғалысы жобасы 2024 жылдың наурыз айының екінші аптасында басталды. 

Жоба аясында білім алушылар арасында экологиялық білім беруге бағытталған  «Жер сағаты», «Орман отырғызудың ұлттық күндері» акциялары, «Жер елшілері» құрылтайы, «Декарбонизация және Мен» байқаулары жоспарланған. 

Жобаның  «Жер сағаты» акциясы 15 наурыз күні сағ:20.30 - 21.30 аралығында Ақтау қаласы, «Оқушылар сарайында», Бейнеу ауданы Сам ЖББМ, Жаңаөзен қаласы №14 ЖББМ,  Маңғыстау ауданы №7 м/л, Мұнайлы ауданы №8 ЖББМ, Қарақия ауданы №6 ЖББМ, Түпқараған ауданы Ғ.Айдаров атындағы №1 мектеп - лицейі, облыстық бағынысты білім беру ұйымдарында  ұйымдастырылды. 

Акцияға облыс бойынша  630  білім алушы қатысты.  Акция аясында бір сағатқа электр құрылғылары өшіріліп, қатысушылармен түрлі танымдық  шаралар  жүргізілді. 

«Жер сағаты» акциясында қатысушыларға «Көңілді старт» эстафетасы, «Экологиялық викториналық сұрақтары», «Құпия жәшік» ойыны, «Сазды ән кеші» ұйымдастырылып, өте жоғары деңгейде аяқталды.

 

title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=