Орталық жаңалықтары

«Маңғыстаунама – 2023» облыстық танымдық байқауы

Білім басқармасының іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2023 жылдың 1 желтоқсан күні Мұнайлы ауданы, №14 жалпы білім беретін мектеп базасында жергілікті ұстаз, ғалым, зерттеуші Серікбол Қондыбайдың туғанына 55 жыл толуына орай, білім беру ұйымдарының педагогтері арасында ғалымның еңбектерін насихаттау, таныту мақсатында «Маңғыстаунама – 2023» облыстық танымдық байқауы өткізілді.  

Облыстық танымдық байқауға аудандық, қалалық жалпы білім беру ұйымдарынан 33 педагог қатысты.Қатысушылар ережеге сәйкес, «Десант сабақтар», «С. Қондыбай еңбектерінен этимологиялық сөздік», «С. Қондыбай еңбектерінен тақырыптық суреттер», «Маңғыстаудың тарихи орындарына виртуальды саяхат»  номинациялары бойынша өз жұмыстарын қорғады. 

«Десант сабақ» номинациясының қатысушылары С.Қондыбайдың «Пері қыздары» тарауынан алынған тақырыптар бойынша 9-11 сыныптарға десант сабақтарын жүргізсе, «Этимологиялық сөздік» номинациясында ғалымның еңбектеріндегі өте сирек кездесетін, қолданыстан шығып қалған сөздердің, жер - су аттарының этимологиясы туралы жұмыстарын ұсынды.«С.Қондыбай еңбектерінен тақырыптық суреттер» номинациясында қатысушылар карандашпен және майлы бояумен салынған суреттердің байқау барысында мазмұнын баяндады.

Сонымен қатар, «Маңғыстаудың тарихи орындарына виртуальды саяхат» бейнеролик номинациясында қатысушылар ғалым еңбектеріндегі аңызға айналған жер - су аттарын негізге ала отырып, олардың бүгінгі жай - күйі туралы және аталған жерлерге саяхаттау мүмкіндігін көрсетті.

Қазылар алқасының шешімімен: «Десант сабақтар» номинациясы бойынша:

І орынды Амалова Ақжүніс, Түпқараған ауданы, Ғ. Айдаров атындағы №1 мектеп-лицейінің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі;

ІІ орынды Исатаева Жайран, Қарақия ауданы, №3 жалпы білім беретін мектебінің тарих пәні мұғалімі мен Ауданбаева Қамар, Бейнеу ауданы, Бейнеу лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;

ІІІ орынды Жұмабекова Сымбат, Жаңаөзен қалаcы, №7 жалпы білім беретін мектебінің биология пәні мұғалімі, Базарбай Әлия, Ақтау қаласы, №19 жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі мен Серикова Нургул, Маңғыстау ауданы, С. Жаңғабылов атындағы жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі;

«Этимологиялық сөздік» номинациясы бойынша:

І орынды Бөкенбаева Қымбат, Бейнеу ауданы, Опорный жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;

ІІ орынды Қосымбаева Ақтолқын, Ақтау қаласы, №12 жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мен Ерманова Фариза, Маңғыстау ауданы, Е. Айшуақұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;

ІІІ орынды Текіш Мадина, Мұнайлы ауданы, №11 жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мен Биғожаев Ерлан, Қарақия ауданы, №6 жалпы білім беретін мектебінің тарих пәні мұғалімі;

«Маңғыстаудың тарихи орындарына виртуальды саяхат»  номинациясы бойынша:

І орынды Бақытова Нұрила, Қарақия ауданы, №6 жалпы білім беретін мектебінің тарих пәні мұғалімі;

ІІ орынды Биназарова Гулистан, Аюпова Жаннұр, Бейнеу ауданы,  М. Бегенов атындағы жалпы білім беретін мектебінің география пәні мұғалімдері және Абдуллаева Ақтоты, Тажимуратов Нұрлан, Түпқараған ауданы, Ғ. Айдаров атындағы №1 мектеп-лицейінің география пәні мұғалімдері;

ІІІ орынды Сәбенова Шарапат, Тойшыбекова Ақмарал, Маңғыстау ауданы, Б. Жұмалиев атындағы жалпы білім беретін мектебінің химия және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері мен Тағаниязов Бердіхан, Қалапбаев Мади, Мұнайлы ауданы, №10 жалпы білім беретін мектебінің орыс тілі және география пәнінің мұғалімдері;

«Тақырыптық сурет» номинациясы бойынша:

І орынды Есенов Мейіржан, Маңғыстау ауданы, Е. Айшуақұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінің Бейнелеу өнері пәні мұғалімі;

ІІ орынды Мусаев Абай, Жаңаөзен қаласы, №5 мектеп-гимназиясының бейнелеу өнері пәні мұғалімі мен Қуанышбекова Әсем, Түпқараған ауданы, М. Горький атындағы мектеп-лицейінің бейнелеу өнері пәні мұғалімі;

ІІІ орынды Амиров Сүндетқали, Бейнеу ауданы, Бейнеу лицейінің көркем еңбек пәні мұғалімі, Төремұрат Исмағұл, Мұнайлы ауданы, №11 жалпы білім беретін мектебінің биология пәні мұғалімі және Мамаев Талғат, Ақтау қаласы, №11 лицейінің бейнелеу өнері пәні мұғалімі иеленді.Барлық жеңімпаздар білім басқармасының дипломдарымен және қаржылай сыйлықтарымен марапатталды.

 

title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=