Орталық жаңалықтары

«Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтарының облыстық слеті

3-4 мамыр күндері Ақтау қаласы, Х. Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық және Маңғыстау туризм колледждерінің базаларында балалар мен жастардың азаматтылық пен Отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу, экспедициялық жасақтардың туристік қызметін жандандыру жолымен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында, білім алушылар арасында «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтарының облыстық слеті өткізілді.

Слетке 12-17 жас аралығындағы 63 білім алушы қатысты.

Қатысушылар слет бағдарламасына сәйкес, «Жас өлкетанушы» номинациясының «Халық дәстүрлері, әдет-ғұрыптар мен мәдениет» бағыты бойынша туған өлке мәдениеті, әдебиеті, өнері, халық шығармашылығы, тарихи, археологиялық және этнографиялық ескерткіштерді зерттеуге және қорғауға, республикада тұратын халықтардың салт-дәстүрлері, мектеп мұражайларын ашу, тұрмыстық заттар, әдебиет, музыка, театр, кино, бейнелеу өнері қайраткерлерімен кездесулер туралы; «Туризм, спорт, денсаулық, демалыс» бағытында далалық және санаттық жорықтарға, бір күндік және көп күндік саяхаттар мен экспедицияларға, туристік слеттерге, жорықтарға қатысу туралы іздеу-зерттеу жобаларын ұсынды. «Туристік әндер» номинациясы бойынша гитара, домбыра аспаптарының сүйемелдеуімен әсем ән шырқады.

Слеттің тәжірибелік кезеңі «Ақбота» мәдениет және демалыс саябағында ұйымдастырылып, «Жартасқа шығу», «Туристік кедергілер жолағы» номинациялары бойынша қатысушылар «жылдамдық» және «қиындық» түрлерінен жасанды жартасқа шығып, аспалы өткел, параллель таяныштар, маятник туристік кедергілерінен өтті.

Аталған номинациялар бойынша 45 оқушы жеңімпаз атанып, оның ішінде 9 білім алушы қыркүйек айында Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында өтетін республикалық кезеңге жолдама алды.

Қазылар алқасының шешімімен:

«Жас өлкетанушы» номинациясының «Халық дәстүрлері, әдет-ғұрыптар мен мәдениет» бағытты бойынша:

I орын – Мұнайлы ауданы, №10 жалпы білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы Калпакбаева Несибели;

II орын – Ақтау қаласы, №13 гимназиясының 9 сынып оқушысы Берекет Абай және Жаңаөзен қаласы, №21 жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы Дурдыгылычова Нұрай;

III орын – Бейнеу ауданы, Бейнеу гимназиясының 9 сынып оқушысы Талғатова Әмина және Маңғыстау ауданы, №7 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Траймбетқызы Ақбота.

«Туризм-спорт, денсаулық, демалыс» бағытты бойынша:

I орын – Бейнеу ауданы, М.Бегенов атындағы жалпы білім беретін мектебінің 11 сынып оқушысы Көбегенов Нұрғиса;

II орын – Ақтау қаласы, №13 гимназиясының 9 сынып оқушысы Жаңғабылұлы Бекзат және Мұнайлы ауданы, №10 жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы Достанова Райхан;

IIІ орын – Түпқараған ауданы, жалпы білім беретін Шахта мектебінің 10 сынып оқушысы Тілеген Аягөз және Қарақия ауданы, №5 жалпы білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы Теңелбай Мәншүк.

«Туристік кедергілер жолағы» номинациясы бойынша:

І орын – Түпқараған ауданы, М. Горький атындағы мектеп-лицейінің «Көк бөрі» тобы;

ІІ орын – Бейнеу ауданы, М. Бегенов атындағы жалпы білім беретін мектебінің «Бозжыра» және Ақтау қаласы, №13 гимназиясының «Белес» топтары;

ІІІ орын – Жаңаөзен қаласы, №21 жалпы білім беретін мектебінің «Маңғыстау маңғаздары» және Қарақия ауданы, №5 жалпы білім беретін мектебінің «Алға» топтары.

«Жартасқа шығу» номинациясы бойынша:

І орын – Бейнеу ауданы, М. Бегенов атындағы жалпы білім беретін мектебінің 9-11 сынып оқушылары Көбегенова Ақторғын, Муканбетов Аманжол;

ІІ  орын – Мұнайлы ауданы, №10 жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушылары Тажигул Аида, Бисенбаев Азамат;

ІІІ орын – Қарақия ауданы, №5 жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушылары Алдабай Әсет, Сүлеймен Әсем және Ақтау қаласы, №13 гимназиясының 8 сынып оқушылары Өтеген Диас, Жанатова Аружан.

«Туристік әндер» номинациясы бойынша:

І орын – Бейнеу ауданы, Ә. Жангелдин атындағы жалпы білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы Тағаберді Сабрина;

ІІ орын – Мұнайлы ауданы, №10 жалпы білім беретін мектебінің 7 сынып оқушысы Әли Жансұлу және Қарақия ауданы, №5 жалпы білім беретін мектебінің 7 сынып оқушысы Исаев Айдын;

ІІІ орын – Түпқараған ауданы, М. Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы Ержанұлы Еркебұлан және Жаңаөзен қаласы, №21 жалпы білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы Кавакбай Үміт білім басқармасының дипломдарымен марапатталды.


title=title=title=title=title=title=title=title=title=