Орталық жаңалықтары

«Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтарының облыстық слеті өтуде!

2023 жылдың 3-4 мамыр күндері білім басқармасының іс-шаралар жоспарына сәйкес, білім алушылар арасында «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтарының облыстық слеті Х.Өзбекқалиев атындағы Маңғыстау Жоғары политехникалық колледжі мен Маңғыстау туризм колледждерінің базаларында өткізілуде. Слетке аудан, қаладан барлығы 63 білім алушы қатысуда.

Балалар мен жастарға азаматтылық пен Отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу, экспедициялық жасақтардың туристік қызметін жандандыру жолымен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізіліп жатырған облыстық слеттің бағдарламасына сәйкес, қатысушылар «Халық дәстүрлері, әдет-ғұрыптары мен мәдениет», «Туризм-спорт, денсаулық, демалыс», «Туристік әндер», «Жартасқа шығу» номинациялары бойынша сынға түсуде. Қатысушыларға сәттілік тілейміз!

title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=