Орталық жаңалықтары

«Өмір сүр – Жер!» облыстық экологиялық акциясы

Білім басқармасының іс-шаралар жоспарына сәйкес, экологиялық таза аумақты қалыптастыру, қоршаған ортаның экологиялық – әлеуметтік  мәдениетін арттыру, табиғатқа деген жауапкершілік қатынасты қамтамасыз ету мақсатында, облыстың жалпы білім беру ұйымдары арасында 1 – 25 мамыр күндері «Өмір сүр – Жер!» экологиялық акциясы жүргізіліп, 90-ға жуық білім беру ұйымдарынан 4000 оқушы қатысты.

Экологиялық акция барысында өлкенің «Темір баба», «Отпан тау», «Бала әулие», «Қошқар ата», «Ақмыш», «Манашы», «Құланды» секілді тарихи – мәдени орындарына және «Каспий» теңізінің жағалауы мен мектеп аулаларына тазалық және абаттандыру жұмыстары ұйымдастырылды.

экологиялық акция жұмыстарын талдау, зерделеу мақсатында 2 маусым күні акцияның қорытынды  отырысы өткізіліп, нәтижесінде қазылар алқасы білім беру ұйымдарын төмендегідей марапаттарға ұсынды:

I орын – Жаңаөзен қаласы, №24 мектеп – лицейі;

II орын – Қарақия ауданы, Құланды жалпы білім беру мектебі;

II орын – Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп – лицейі;

III орын – Актау қаласы, И.Жанболатова атындағы №15 мектеп – гимназиясы;

III орын – Маңғыстау ауданы, А.Меңдалыұлы атындағы жалпы білім беру мектебі.

 

title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=