Орталық жаңалықтары

«Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің облыстық форумы

Білім басқармасының іс-шаралар жоспарына сәйкес, 26-27 сәуір күндері «Балдәурен» базасында білім алушылар арасындағы «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің облыстық форумы өткізілді. Форумға барлығы 63 оқушы қатысты.

Форум білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті және туған өлке табиғатына экологиялық бағдарланған қатынасты тәрбиелеу мақсатында: «Қазақстанның флорасы мен фаунасының 3D атласы»; «Zhasyl El»; «Экотеатр»; «Eko bolashak»; «GREEN OASES»; «Туған өлкенің бояулары» номинациялары бойынша ұйымдастырылды. Форумға қатысушылар адам экологиясы әсерінен ауаның ластану мәселелерін шешу жолдарын және инновациялық «жасыл» зерттеу жобаларын әзірлеп, балабақша, мектеп аулаларын көркейтуге бағытталған ландшафттық жобалар ұсынды. Экология туралы шағын спектакльдер, көркейту, көгалдандыру бойынша жүргізілген экологиялық жұмыстардың бейнероликтер презентациясын, графикалық редакторда салынған суреттерін, еліміздің флора мен фауна өкілдерінің 3D макетін жасады.

Бағдарламаға сәйкес, білім алушыларға форумнан тыс уақытта мәдени-спорттық шаралар,  кешкі алау жанында әндер орындау, аспаптарда ойнау және ашық аспан астында кинотеатр ұйымдастырылды. 

Форум қорытындысы бойынша:

«Қазақстанның флорасы мен фаунасының 3D атласы» номинациясында:

І орын – Жаңаөзен қаласы, №4 жалпы білім беретін мектебінің 7 сынып оқушысы Кумек Есболға;

ІI орын – Маңғыстау ауданы, М. Атымов атындағы жалпы білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы Уалихан Шоқанға және Мұнайлы ауданы, №6 жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы Еламан Әбілге; 

ІII орын – Ақтау қаласы, №13 гимназиясының 8 сынып оқушысы Қуандық Шыңғысқа және Қарақия ауданы,  №1 жалпы білім беретін мектебінің 11 сынып оқушысы Ерболатұлы Ерланға;

«Zhasyl El» номинациясының қалалық орта экологиясы, әлеуметтік экология, адам экологиясы ауаның, көліктің, көгалдандырудың және т. б. ластану мәселелерін шешу жолдары бағытында:

І орын – Бейнеу ауданы, М. Бегенов атындағы жалпы білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы Берікқызы Саяжанға;

ІI орын – Жаңаөзен қаласы, №4 жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушылары Сағдатқызы Толқынға және Мұнайлы ауданы, №15 жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы Кисметова Айханымға; 

ІII орын – Маңғыстау ауданы, Жармыш жалпы білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы Есбосын Айкөркемге және Қарақия №8 жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы Амантаева Жұлдызға.

«Zhasyl El» номинациясының инновациялық «жасыл» жобаларды әзірлеу, енгізу, ынталандыру және насихаттау практикасы бағытында:

І орын – Бейнеу ауданы, Сам жалпы білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы Сабырова Баянға;

ІI орын –Түпқараған ауданы, Ғ. Айдаров атындағы №1 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Кендірбай Райымбекке және Жаңаөзен қаласы, №5 жалпы білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы Саназар Инабатқа; 

ІII орын – Мұнайлы ауданы, №10 жалпы білім беретін мектебінің 7 сынып оқушысы Абдурозакова Аминаға және Ақтау қаласы, IT мектеп лицейінің 7 сынып оқушысы Базарбай Аңсарға;

«Экотеатр» номинациясында:

І  орын – Ақтау қаласы, №13 гимназиясының 9-10 сынып оқушылары Жаңғабылұлы Бекзатқа, Догдурбай Мирасқа, Көшербай Ернұрға; 

ІI орын – Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп гимназиясы  9 сынып оқушылары Рамазанова Маржанға, Бердібаева Арайлымға, Халдавлетов Ақтаңға және Маңғыстау ауданы, М. Атымов жалпы білім беретін мектебінің 5-9 сынып оқушылары Тоғай Кәусарға, Ноғай Ақниетке, Оңайбай Жапыраққа;

ІII орын –Қарақия ауданы, жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының 6 сынып оқушылары Байбосын Рамазанға, Оспанұлы Нұрасылға, Серік Бибіжамалға және Мұнайлы ауданы, №1  жалпы білім беретін мектебінің 10-11 сынып оқушылары Мукаш Игілікке, Эмирхан Ерғалиға, Жұмабаева Светаға;

«Eko-Bolashak» номинациясында:

І  орын –Ақтау қаласы, «№13 мектеп гимназиясы» 9 сынып оқушысы Алибек Жұлдызға;

ІI орын – Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы Кенжетай Айданаға және Мұнайлы ауданы, №10  жалпы білім беретін мектебінің  9 сынып оқушысы Достанова Райханға; 

ІII орын – Қарақия ауданы, №5 жалпы білім беретін мектебінің 5 сынып оқушысы Амангелді Мөлдірге және Жаңаөзен қаласы, №18 жалпы білім беретін мектебінің 5 сынып оқушысы Махамбетов Алмазға; 

«GREEN OASES» номинациясында:

І орын – Маңғыстау ауданы, Е. Айшуақұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінің 7 сынып оқушысы Омарова Жанеркеге;

ІI орын – Ақтау қаласы, №19 мектеп гимназиясының 9 сынып оқушысы Талғатқызы Қарақатқа және Жаңаөзен қаласы, №4 жалпы білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы Кумек Ақкербезге;

ІII орын – Түпқараған ауданы, Ғ.Айдаров атындағы №1мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Оразгүл Айсамалға және Мұнайлы ауданы, №3 жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы Айтқали Арайға;   

«Туған өлкенің бояулары» номинациясында: 

І орын – Мұнайлы ауданы, №6 жалпы білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы Қалдыбай Ақмадиярға;

ІI орын – Түпқараған ауданы, Ғ. Айдаров атындағы №1 мектеп лицейінің 10 сынып оқушысы Әбілхас Еркінбекке және Қарақия ауданы, №5  жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы Деміш Нұршатқа;

ІII орын – Бейнеу ауданы, Бейнеу гимназиясының 8 сынып оқушысы Төлепберген Ханзилаға және Жаңаөзен қаласы №4 жалпы білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы Қасыбай Айаруға жүлделі орындар табысталды.

Форумның бірінші орын иеленген жеңімпаздарына маусым айында онлайн форматта өтетін республикалық кезеңге жолдама берілді.

 

title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=