Орталық жаңалықтары

«Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумының облыстық кезеңінің баспасөз – релизі

Өтетін уақыты: 2023 жылы 26-27 сәуір, сағат 10:00.

Өтетін орны: Ақтау қаласы «Балдәурен» базасы

Мақсаты: білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті және туған өлке табиғатына экологиялық бағдарланған қатынасты тәрбиелеу.

Қатысушылар: Форумға облыстың жалпы білім беру ұйымдарының және қосымша білім беру ұйымдарының 12-17 жас аралығындағы білім алушылары қатысады (63 білім алушы).

СПИКЕРЛЕР (қызметі, байланыс телефондары): Темірланова Аяжан Темірланқызы, Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмінің орталығы директоры.

ІС-ШАРА НӘТИЖЕСІ: Білім алушылардың қоршаған ортаны қорғауға қызығушылықтары артуы, экологиялық мәдениеттің қалыптасуы, жеңімпаздардың республикалық кезеңге өтуі.

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР, БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНДАРЫ: Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмінің орталығы, экология – биологиялық бөлімі, байланыс телефоны 8 (7292) 60-54-00, 8 (778) 208-23-03 ocdt-2017@mail.ru.