Орталық жаңалықтары

«Үздік экскурсовод» облыстық байқауы

Білім басқармасының іс – шаралар жоспарына сәйкес, 2023 жылдың 16-17 қараша күндері педагогтердің экскурсиялық жұмыстарға және туристік қызметке қызығушылықтарын ояту, ақпараттық-коммуникативтік және танымдық қабілеттерін дамыту мақсатында «Үздік экскурсовод» облыстық байқауы өткізілді.

Байқауға 7 аудан, қаладан 42 педагог қатысты. «Тарихи-мәдени орындарға виртуалды экскурсия», «Экологиялық маршрут», «Спорттық маршрут» номинациялары Ақтау қаласы, М.Әуезов атындағы 20 жалпы білім беретін мектебінің базасында ұйымдастырылып, бейнеролик жұмыстары қаралды. “Туристік-өлкетану экскурсиясы” номинациясында Маңғыстау ауданының аумағындағы “Шерқала”, “Айрақты” тауларына,  “Ақмыш”, “Самал” сайларына, “Отпан тау” тарихи-мәдени кешеніне жүрмелі түрде жанды экскурсиялар жүргізілді.

Педагогтер тарихи-мәдени ескерткіштермен танысып, гид экскурсовод ретінде аталған нысандардың тарихын баяндады. Екі күнге созылған байқау жұмыстарын қорытындылай келе қазылар алқасының шешімімен, жүлделі орындар:

I орын - Түпқараған ауданының “Shar Like” тобына;

IІ орын - Мұнайлы ауданының “Geo Histremal” тобына;

ІІ орын - Жаңаөзен қаласының “Азимут” тобына;

III орын - Ақтау қаласының “Дала қырандары” тобына;

III орын - Маңғыстау ауданының “Киелі табиғат” тобына табысталды.

Барлық жеңімпаз топтарды құттықтаймыз!


title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=