Орталық жаңалықтары

«Спорттық туризм» облыстық шеберлік сағаты

2024 жылдың 15 ақпан күні педагогтердің белсенді туризм бағыты бойынша кәсіби құзыреттілік деңгейін тәжірибе жүзінде арттыру мақсатында Ақтау қаласы, №13 гимназиясында «Спорттық туризм» шеберлік сағаты ұйымдастырылды.

Шеберлік сағатқа білім беру ұйымдарынан дене шынықтыру пәні мұғалімдері мен туризм-өлкетану үйірмелерінің жетекшілері (65 педагог) қатысты.

Педагогтер шеберлік сағат барысында туристік құралдар мен танысып, түрлі кедергілерден өту арқылы спорттық туризм бағытында білімдерін кәсіби жетілдірді.

Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі орталығының маманы М.Теғісбай «Туристік өткелдерден өту техникасы», (бурелом, траверс, өткелдер кезеңі) Ақтау қаласы, №13 гимназиясының дене шынықтыру  пәні мұғалімдері Қарабалаев Азамат, Кемалов Бекбол «Параллельді өткел кезеңі», «Биіктікке шығу техникалары» және №19 мектеп-гимназиясының дене шынықтыру  пәні мұғалімі Сағатова Алтынай «Аспалы өткел кезеңі» бойынша арнайы туристік кедергілерден өтіп, қауіпсіздік ережелерімен таныстырды.

Шеберлік сағатында өз іс-тәжірибесімен бөліскен және белсенді қатысқан педагогтерге сертификаттар табысталды.

 

title=title=title=title=title=title=title=title=