Орталық жаңалықтары

VIII Республикалық « Гүлдене бер, Қазақстан!» туристік-өлкетану-экологиялық зерттеу жұмыстарының конкурсы

Қазақ спорт және туризм академиясы мен Ш. Уалиханов атындағы Туризм академиясы  ҚР Оқу – ағарту  министрлігімен бірлесіп, а.ж. 21 сәуір күні VIII Республикалық «Гүлдене бер, Қазақстан!» туристік – өлкетану – экологиялық зерттеу жұмыстарының конкурсын  қашықтықтан ұйымдастырды.

Конкурс Қазақстанның әр өңірінен туризм, экология, өлкетану бағыттарында жалпы, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында  «Туған өлке шежіресі», «Жас экскурсовод», «Туризм – бұл біз» номинациялары бойынша өткізілді. Аталмыш конкурсқа Маңғыстау облысынан 22 білім алушы қатысып, 7 қатысушы төмендегідей жүлделі орындарға ие болды.

«Туған өлке шежіресі» номинациясы бойынша:

III орын – Мұнайлы ауданы, №9 жалпы білім беретін мектебінің  9 сынып оқушысы Зидулла Нұрсұлу;

«Туризм – бұл біз» номинациясы бойынша: 

II орын – Мұнайлы ауданы, №6 жалпы білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы Мақсұт Салтанат;

III орын – Ақтау қаласы, №30 жалпы білім беретін мектебінің 11 сынып оқушысы Рахметова Сабина және Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп-лицейінің 10 сынып оқушылары Мирасқызы Дильназ, Тыныштық Ғазизмәлік;

«Жас экскурсовод» номинациясы бойынша:

II орын – Бейнеу ауданы, Атамекен жалпы білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы Ходжагалиева Альбина;

III орын – Мұнайлы ауданы,  №4 жалпы білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы Жомартқызы Жаннұр.

Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!

 

title=title=title=title=title=title=title=


Өтетін уақыты: 2023 жылы 26-27 сәуір, сағат 10:00. Өтетін орны: Ақтау қаласы «Балдәурен» базасы Мақсаты: білім алушыларды табиғатты қорғау ...

13-14 сәуір күндері педагогтердің туристік және кәсіптік шеберліктерін шыңдау, туристік - өлкетану бағыты бойынша озық тәжірибе тарату, Қазақстандық ...

Жастардың адамзат пен табиғат арасындағы қарым-қатынасқа деген көзқарасын бейнелейтін азаматтық бағдар қалыптастыру және табиғат байлығын болашақ ...

Ағымдағы жылдың 31 наурыз күні «Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмінің орталығы» қызметкерлері арасында  туризмнің белсенді түрлері бойынша ...

Өтетін уақыты: 13-14 сәуір, 2023 жыл. Байқаудың мақсаты: Педагогтардың туристік және кәсіптік шеберліктерін шындау, Қазақстандық патриотизмді ...

Өтетін уақыты: 5 cәуір 2023 жыл, cағат 10.00-де. Өтетін орны: Ақтау қаласы, «Маңғыстау туризм колледжі» акт залы. Мақсаты: Жастардың адамзат пен ...

...

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің 8 Наурыз – халықаралық әйелдер күнін және Наурыз мейрамын мерекелеу тұжырымдамасына сәйкес, ...

Білім алушыларға табиғат туралы түсінік бере отырып, оның табиғи құбылыстарының, тылсым күштерінің маңыздылығы мен байланысын шығармашылық тұрғыда ...