Орталық жаңалықтары

«Ғажайып табиғат – тылсым дүние» фотосуреттер мен қолөнер көрме байқауы

Білім алушыларға табиғат туралы түсінік бере отырып, оның табиғи құбылыстарының, тылсым күштерінің маңыздылығы мен байланысын шығармашылық тұрғыда көркем бейнелеу, қол өнер шеберлігін дамыту, келешек ұрпаққа насихаттау мақсатында ағымдағы жылдың 15 наурыз күні Маңғыстау Туризм колледжінде «Ғажайып табиғат – тылсым дүние» фотосуреттер мен қолөнер көрме байқауы қашықтықтан өткізілді. Байқауға аудан, қалалардан 13 білім алушы «Туған өлкемнің табиғаты», Экоқұрылыс», «Жасыл әлем» номинациялары бойынша қатысты. 

«Туған өлкемнің табиғаты» номинациясына қатысушылардың жұмыстары байқау талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты жүлделі орындар берілмеді.

Қазылар алқасының шешімімен төмендегі қатысушылар марапатталады:

«Экоқұрылыс» номинациясы бойынша: 

І орын - Түпқараған ауданы, М.Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Каримқызы Көркем;

ІІ орын -  Қарақия ауданы, № 9 бастауыш мектебінің  4-сынып оқушысы Наурызбек Берекет;

«Жасыл әлем» номинациясы бойынша:

І орын -  Қарақия ауданы, № 7 ЖББМ 6-сынып оқушысы Серік Досым;

ІІ орын -  Бейнеу ауданы, Ж.Қалдығараев атындағы ЖББМ 6-сынып оқушысы Ерболатқызы Аяжан.

Байқауда көрсеткен жеке жетістіктері үшін: 

-Ақтау қаласы, № 13 мектеп- гимназиясының 9-сынып оқушысы Ғалымұлы Ибрагимға;

-Маңғыстау ауданы, Б. Жұмалиев атындағы ЖББМ 6-сынып оқушысы Арманқызы Ақеркеге;

-Қарақия ауданы, № 9 бастауыш мектебінің  3-сынып оқушысы Әкімбай Сержанға орталықтың Алғыстары табысталды.


title=title=title=title=


Білім басқармасының іс-қимыл жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 30 қарашасында Ақтау қаласы, Туризм колледжінің базасында педагогтердің «Үздік ...

Өтетін уақыты: 2023 жылдың 30 қараша күні сағат:10:00 өтеді. Өтетін орны: Маңғыстау туризм колледжі. Мақсаты: Білім  басқармасының  іс-шаралар  ...

Білім басқармасының іс-қимыл жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 24 қарашасында Ақтау қаласы, №11 лицейінде «Әлем глобусы» облыстық экологиялық ...

Өтетін орны: Мұнайлы ауданы, №14 жалпы білім беретін мектепте өткізіледі; Өтетін уақыты: 01 желтоқсан  2023 жыл, сағат 09:00 де; Байқаудың мақсаты: ...

Білім басқармасының іс – шаралар жоспарына сәйкес, 2023 жылдың 16-17 қараша күндері педагогтердің экскурсиялық жұмыстарға және туристік қызметке ...

Өтетін уақыты: 2023 жылдың 24 қараша күні сағат: 10:00 өтеді. Өтетін орны: Ақтау қаласы, №11 лицейі. Мақсаты: Өскелең ұрпақтың назарын экологиялық ...

Өтетін уақыты: 16-17 қараша 2023 жыл, сағат 10:00 Өтетін орны: Ақтау қаласы, Ә.Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейі, ...

1-2 қараша күндері Түпқараған ауданы, жекелеген пәндерді тереңдетіп оқытатын мамандандырылған Форт – Шевченко мектеп лицейі мен орталық саябағында ...

Өтетін уақыты: 1 - 2 қараша 2023 жыл, сағат 10:00   Өтетін орны: Түпқараған ауданы, Мәдениет үйі, орталық саябағы.   Сайыстың мақсаты: Жастар ...

ҚР Үкіметінің 12.10.2022ж. №731 қаулысымен бекітілген «Жасыл Қазақстан» Ұлттық жобасы аясында азаматтардың экологиялық қауіпсіздік  жағдайын жақсарту ...